АХҚО мен Nasdaq өзара ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) делегациясының АҚШ-қа сапары аясында АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Nasdaq, Inc президенті Адена Фридман Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум жасаудың басты мақсаты АХҚО-ның биржалық инфрақұрылымы шеңберінде өзара тиімді қарым-қатынас орнату болып табылады.

Меморандумға қол қою - Nasdaq, Inc компаниясының АХҚО (AIX) биржасының құрылуындағы қолдау көрсетудің алғашқы қадамы.

Nasdaq, Inc АХҚО-ға жасаған стратегиялық серіктестік бойынша ұсынысында қаржылық құралдарды, есептік-клирингтік операцияларды саудалап және жүзеге асыратын халықаралық стандарттарды, бизнес ережелер мен реттеу, АХҚО Қор биржасының жұмысына жоғарғы технологиялық шешімдерді дайындап, енгізу, операциялық процедураларды дайындау, қызметкерлерге тренингтер ұйымдастыру, сонымен қатар, жаңа қаржылық технологияларды енгізудің жолдарын іздеу бойынша іс-шараларды қарастырған, деп хабарлады қаржы орталығының баспасөз қызметі.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов атап өткендей, жұмысы 2017 жылдың ортаңғы шенінде басталатын АХҚО биржасында әртүрлі бағалы қағаздар мен өндірістік қаржылық құралдары саудаланатын болады. Қ.Келімбетовтің сөзінше АХҚО биржасы ұлттық нарықтар мен жетекші биржалардың халықаралық сауда жүйесімен ықпалдасуын қамтамасыз ететін болады. Яғни, АХҚО биржасы жергілікті инвесторлар мен  шетелдік инвесторлардың бірлесуіне ықпал етпек, және әлемдік қаржының Астанаға келуіне әсер етпек.

null  

«Біз АХҚО-ның үздік әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық биржалық инфрақұрылымды құру бойынша жоспарларын қолдаймыз және алдағы уақытта ұзақ мерзімдік ынтымақтастық жасауға дайынбыз», - деп атап өтті Nasdaq, Inc президенті Адена Фридман.

Жалпы алғанда, тараптар атап өткендей, аталған меморандумның қол қойылуы АХҚО-ның биржалық инфрақұрылымын дамытуға арналған маңызды қадам болып саналады. 

Еске сала кетсек, АХҚО2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  -  ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Ал, Nasdaq, Inc - бұлірі қор биржасы, оған барлық ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың жартысынан көбі тіркелген. Ол сондай-ақ  осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие. Биржаның атауы  National Association of Securities Dealers Automated Quotations (Бағалы қағаздар жөніндегі дилерлердің ұлттық қауымдастығының автоматтандырылған баға белгілеулері) аббревиатурасынан шыққан. 

Соңғы жаңалықтар