АХҚО мен ЕЭК бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) премьер-министрлерінің қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиылысында ЕАЭО қатысушыларының ынтымақтастығын кеңейту және дамыту үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы (АХҚО) Қ. Келімбетов және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (Министр)
Т. Жақсылықов АХҚО мен ЕЭК арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспар қаржы нарықтарын реттеу, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы технологияларын дамыту жөніндегі ынтымақтастық шараларын көздейді.

Қаржы нарықтарын дамыту бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді тестілеу және өңдеу үшін ЕАЭО-да реттегіш «алаң» құру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру АХҚО-ның ЕАЭО қатысушы елдерімен және Еуразиялық комиссиямен арадағы ынтымақтастықты тереңдетіп, АХҚО-ның Еуразияның қаржылық «хабы» ретінде қалыптасуын кезең-кезеңмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, АХҚО «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

ЕЭК. Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) (бұдан бұрын — Кеден одағы (КО) және Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) тұрақты жұмыс істейтін ұлт үсті реттеуші органы. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы президенттерінің шешімімен құрылған және 2011 жылғы 18 қарашадағы «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы» және «Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламенті туралы» шарттар негізінде жұмыс істейді. Жұмыс істей бастаған күн-2012 жылғы 2 ақпанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске (ЖЕЭК) бағынатын ұлттықтан жоғары басқару органы мәртебесіне ие.

https://www.eurasiancommission.org/

Соңғы жаңалықтар