АХҚО комитеті IOSCO-ның Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қоюшы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан – АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) кеңес беру мен ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына (EMMoU) қол қоюшы болды.

Бұл мәселе бойынша шешім 9-18 қараша аралығында виртуалды түрде өткен IOSCO жыл сайынғы жиналысының шеңберінде қабылданды. Атап айтқанда, АФСА тұтынушыларды қорғау, міндетті айғақтар алу және аудиторлық құжаттармен алмасу үшін активтерді мәжбүрлеп тоқтату саласында трансшекаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін А2 қосымшасына (ACF өкілеттігі) қол қойды.

EMMoU Көпжақты өзара түсіністік меморандумын (MMoU) толықтыратын бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары туралы заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықтың әлемдік бағдары болып табылады. 2002 жылы қабылданған алғашқы MMoU халықаралық трансшекаралық ынтымақтастық пен реттеуші органдар арасындағы бағалы қағаздар туралы ақпарат алмасу үшін жаһандық негіз жасады. Алайда, капитал нарықтарының жұмыс істеу процесінің күрделілігін және соңғы технологиялық жетістіктерді ескере отырып, 2016 жылы IOSCO Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумды қабылдады. EMMoU қол қоюшылары бір-біріне құқық қорғау органдарының трансшекаралық ынтымақтастығындағы көмектің жаңа нысандарын ұсынуға келіседі, мысалы, тұтынушыларды қорғау үшін активтерді тоқтату, мәжбүрлі айғақтар алу, аудиторлық құжаттармен алмасу және т.б. EMMoU туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.

АФСА EMMoU-ға қол қойған Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі алғашқы реттеуші болды. АФСА әлемдік озық тәжірибені жетілдіру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға және неғұрлым кең халықаралық ынтымақтастыққа және бағалы қағаздарды реттеу органдарының қолдауына ықпал етуге ниеттенеді.

«Біз үшін IOSCO-ның Кеңейтілген MMoU-на қол қою маңызды, өйткені біз құқық қолдану саласындағы трансшекаралық ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Капитал нарықтары жаһанданған және өзара байланысты ортада жұмыс істейді және біз халықаралық ынтымақтастық пен бағалы қағаздар туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы нарықтың тұтастығын сақтап, қаржылық қызмет тұтынушыларын қорғай алатынымызға сенімдіміз», - деді АФСА-ның Бас директоры Мұхтар Бөбеев.

Айта кетерлігі, АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – Астана халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарық институттарын лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді.

Ал, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) – ұлттық реттеушілерді біріктіретін және бағалы қағаздар нарығын реттеудің әлемдік ереже шығарушы ұйымы ретінде танылған халықаралық қаржы ұйымы. IOSCO бағалы қағаздарды реттеудің халықаралық танылған стандарттарын әзірлейді, енгізеді және олардың орындалуына ықпал етеді. Ұйым G20 және Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңеспен (FSB) жаһандық реттеуші реформа бойынша белсенді серіктес.


Соңғы жаңалықтар