АХҚО IT мамандарын дайындауға негізделген цифрландыруды қолдап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Сбербанк Президенті және Басқарма төрағасы Герман Грефтің қатысуымен QWANT жоғарғы технологиялық мектебінің ресми ашылуының цифрлық рәсімі өтті.

Жоба түлектерін жергілікті, сондай-ақ халықаралық жобаларда экономика салаларын цифрландыру және индустрияны дамытуға, оның ішінде ДЭФ (Дүниежүзілік экономикалық форум) Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының АХҚО-мен әріптестік бастамаларын қоса алғанда, әзірлемелер инфрақұрылымының айналасында экожүйе құру ісіне белсенді тарту жоспарланған.

QWANT-та мамандарды даярлау бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады: клиенттік және серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуді, бұлтты есептеулерді, блокчейн, операциялық жүйелер мен мәліметтер базасын дамыту кибер қауіпсіздік, жасанды интеллект және цифрлық маркетинг сияқты жаңа бағыттарға байланысты белсенді оқу бағдарламасын кеңейту жоспарлануда.

QWANT – бағдарламаларды дайындаушылар мен инженерлерді даярлауға арналған жоғары технологиялық мектептің техникалық ашылуы осы жылдың 13 сәуірде өтті. QWANT жобасы COVID-19 ғаламдық дағдарысы шеңберінде белгісіздік пен жаһандық турбуленттілік және әлеуметтік оқшаулану жағдайында іске қосылды.

Пандемияға қарамастан, жоба іске қосылды, ал желіге ауысудың арқасында платформаның мүмкіндіктері жылдам орналастырылуына және басқа кандидаттарға да оны қашықтықтан қоллдану мүмкіндігінің болуына байланысты айтарлықтай кеңейді. Қазіргі кезеңде 350-ден астам адам QWANT-та оқытудан өтеді.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, бүгінгі күні жедел әлеуметтік-экономикалық өсімнің парадигмасы технологиялар жағына қарай белсенді жылжуда. Осының арқасында біз жаңа сандық сын-тегеурін аясында болашаққа қарауымыз қажет. Біз технологиялық компаниялардың қаржы индустриясын қоса алғанда түрлі секторлардағы дәстүрлі компанияларды ығыстырғанын байқаймыз,. Сондықтан, АХҚО келесі 5 жылда классикалық қаржы орталығынан аймақтық сандық қаржы платформасына көшуге бағытталған.

QWANT стратегиялық серіктесі QWASAR Silicon Valley технологиялық платформасында белсенді білім алуға мүмкіндік беру үшін Еуропа, АҚШ және Қазақстанның озық тәжірибелерін біріктіреді. QWANT-тің ашылуына идеялық шабыт және серпін берген сандық түрлендіруде үлкен жетістіктерге жеткен, FinTech және EdTech өрістерін дамыту үшін өнімдер мен платформалық шешімдерді енгізген Сбербанктің бастамасы Мәскеудегі 21 инновациялық мектеп болды.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан «Сбербанк» АҚ Президенті, Басқарма Төрағасы Герман Греф «42 және 21 инновациялық мектептерде, сондай-ақ QWANT-та қолданылатын белсенді оқыту модельдері бағдарламалық инженерлерді дайындау бойынша әлемдегі ең үздік нәтижелерге қол жеткізетінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар