«АХҚО инвесторлары халықаралық апталығы» Түркістанда басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвесторлары халықаралық апталығы» басталды. Аталған шараға мемлекеттік органдар мен өңірдегі іскерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елінде бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. Ал, АХҚО аталған шараның қазақстандық серіктесі болып табылады. Орталық сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау жөніндегі IOSCO стандартына бейілділігін көрсетеді. Апталықты Түркістанда өткізу «Халықаралық инвесторлар апталығы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Халықтың қаржылық қызметтерді тұтынушыларын қорғау туралы хабардар болуын арттыру мақсатында ұйымдастырылған апталық барысында инвестициялаудың негіздері мен АХҚО-да бизнесті жүргізу шарттарынан ақпарат беру мәселелері сөз болды. Басқосу академиялық және іскерлік топтар үшін таныстырылымдар мен ақпараттық сессиялар форматында өтуде. Апталықтың алғашқы күні аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер өткізілді. Онда жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру жайы қамтылды. Сонымен қатар бастамашылық шеңберінде мемлекеттік қызметшілер - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін семинарлар өтті.

Соңғы жаңалықтар