+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президентімен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр 11:49
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Армения басшысына Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

«Қазақстанда армян ұлтының өкілдері өзге этностармен жарасымды өмір сүріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сол кісінің идеясының негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз да артып келеді. Сонымен қатар БҰҰ сияқты ғаламдық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды аймақтық ұйымдарда да ұстанымымыз жақын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
null

Армен Саркисян тараптардың экономикалық байланысын арттыруда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының маңызы зор екенін айтты.

«Біз халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты қарым-қатынаста да ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Астана қаржы орталығының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыта түсетініне сенемін», - деді Армен Саркисян.

Тараптар екі ел арасындағы сауда айналымының өткен жылы 30 пайызға артқанын атап өтіп, алдағы уақытта осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейте беруге уағдаласты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT