АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығында «бір терезе» қағидатымен шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІТ-экожүйесін дамытудың маңызды бөлігі – адами капитал. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT- маманын даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың соңына дейін 22 мыңнан астам IТ-маман дайындалды», - деді Б. Мусин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылды.

«Жоғары оқу орындарында ІТ білімінің сапасын арттыру үшін 14 ІТ факультеттерін профильдік IT-университеттермен интеграциялау жүргізілді. IT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсімді көрсетті. Өткен жылы IT нарығы 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. АХҚО Экспат орталығында «бір терезе» қағидатымен шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар