АХҚО Бюросы қазақстандық компаниялардың инвестиция тартуына көмектеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Astana Finance Days форумы аясында АХҚО Бюросы алаңында компаниялардың IPO-ға шығу жолдары туралы практикалық семинарлар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәл осы жарты жылда жобалар мен инвесторлар қалауының арасы тым алшақ екенін байқадық. Сондықтан, компанияларға ішкі трансформация, қызметкерлерді оқыту жөнінде тренинг ұсынып отырмыз. IPO-ға шығу - тек қана ақша алып отыру емес, IPO-дан кейінгі өмір тіпті қиындай түседі. Инвесторлармен бірігіп жұмыс істеу керек, ашық саясат ұстанып, есептерді көрсету қажет», - деп мәлімдеді АХҚО басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов журналистерге берген сұхбатында.null

Өз сөзінде спикер отандық компаниялардың IPO-ға шығу әлеуетіне баға беріп, қор нарығына бүкіл компаниялардың шығуы міндет емес екендігін атап өтті.

«Шын мәнінде, барлық жобалар IPO-ға мұқтаж емес. Кей компанияларға жай ғана инвестор немесе қор инвестициялары керек. Себебі, IPO - компания үшін ең жоғарғы деңгей. Өз өндірісін кеңейткісі келетін компаниялар да бар. Егер қызықты болса, жылдам өсіп, жоғары табыс тапса, әр компанияның мүмкіндігі бар деп есептеймін. Көптеген орташа компаниялар бизнеспен айналысады бірақ шетелдік инвестор тартуды ойламайды. Сондықтан, оларға өз қабілеттерін шыңдап, халықаралық қор нарықтарына шығуы үшін құралдар мен жол картасын ұсынғымыз келеді», - деді ол.

«Қазір шетелдік инвестиция мәселесі өте өзекті болып отыр және бәріне инвестиция тартудың дұрыс формуласы керек. Мұнда компанияның дайындығы, команданың инвестормен қарым-қатынас құра алуы маңызды. Қыркүйек айынан бастап компанияларды іріктеп, инвестиция қалай тарту керектігін үйретіп, арнайы білім беріп, стратегиямызбен қалған компаниялармен бөліскіміз келеді.. Біздің негізгі міндетіміз - кейс жасап, оқыту арқылы инвестиция тарту жолдарын тәжірибеде көрсеткіміз келеді», - деді АХҚО өкілі.

Практикалық семинарға түрлі халықаралық институт өкілдері шақырылған. Олар жан-жақтан компанияларға бухгалтерлік есептің маңыздылығын, дұрыс қаржы үлгісі мен корпоративті басқару жолдарын түсіндіреді.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1-4 шілде күндері елордада Astana Finance Days қаржы форумы өтуде. Форумға әлемдік сарапшылар, саясаткерлер, бизнес өкілдері және «Астана» халықаралық қаржы орталығына тіркелген компания өкілдері келеді.

null

Соңғы жаңалықтар