АХҚО басшысы Боао азиялық форумы аясындағы панельдік сессияға қатысты

None
Фото: Руслан Сүлейменов
БОАО. ҚазАқпарат – Боао азиялық форумы (БАФ) аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басшысы Ренат Бектұров «Бір белдеу, бір жол: Дамудың ортақ мүмкіндіктерін бірге пайдалану» атты панельдік сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Панельдік сессия қатысушылары елдер сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін, экономиканы қалпына келтіру және дамыту, сондай-ақ цифрлық трансформацияны дамыту үшін қандай іс-шаралар ұйымдастыру керек деген мәселелерге тоқталды. Төмен көміртекті экономикаға көшу тақырыбы да талқыланды.

Ренат Бектұровтың сөзінше, Форум аясында Дүниежүзілік банктің экс-президенті және Моңғолия мен Пәкістан үкіметі өкілдерінің қатысуымен панельдік сессия өтті.

АХҚО басшысы биыл «Белдеулер мен жолдар» бастамасына 10 жыл толатынын айтты. Осы бастама аясында Қазақстанда бірқатар ірі инфрақұрылым объектілері жүзеге асты. 10 жыл бұрын экономикалық дәліздерді дамыту туралы айтылған болса, қазір олардың бірі - «Орта дәліз» Қазақстанның транзиттік және сауда хабы атануы үшін аса маңызды.

«Бұл біздің сауда бағыттарымыздың диверсификациясы және жалпы алғанда, тұрақтылық тұрғысынан маңызды», - деп атап өтті Ренат Бектұров.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) құзыретінде әлемнің 70-тен астам елінің 2 мыңға жуық компаниясы тіркелген.

Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар