АХҚО әлемнің ТОП-50 орталығының қатарына кірмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 3 жылдың ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіретін болады. Бұл туралы бүгін аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық қаржы орталықтарының арасында бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингі радарында пайда болды. Ағымдағы жылы біз 61 орынға ие болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы, таяу ү жылда әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күннің өзінде құзыретімізге 88 компания тіркелді және біз 2020 жылдың соңына дейін 500 компанияға дейін компания тіркеледі деп жоспарлап отырмыз», - деді Қайрат Келімбетов АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Оның айтуынша, АХҚО Биржасында алғашқы транзакция басталды. Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын, «Қазақтелеком» облигацияларын орналастыру табысты аяқталды.

«Бірақ, мұның барлығының маржаны «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орналастырылуы болып отыр. Бүгін біздің биржамыз «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату үшін бастау сәтінің тұғырнамасы қызметін атқарады»,-  деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосқан болатын.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» акциялары «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасында сатылымға шығарылғанын, 

сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар