Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық қамтудың үлесі 4 миллиард 943 мың теңге көлемінде

None
None
nbsp; АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 4 миллиард 943 мың теңге көлемінде болды. Бұл туралы бүгін елордада «Қазақстандық қамтуды дамытудың мәселері. 6 ай қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бұл 2009 жылмен салыстыра қарағанда жоғары көрсеткіш. Ағымдағы жылы қазақстандық қамту көлемі жүйе құраушы кәсіпорындарда - 62, ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» құрамындағы компанияларда 63 пайызды құрап отыр. Жалпы қазақстандық қамту үлесі жұмыстар мен қызмет көрсетулерде 76 мен 90 пайыз аралығында ауытқып тұрады. Ал сатып алулар бойынша жұмыстардың көлемі қазіргі уақытта біршама төмен нәтиже көрсетуде. «Бұл бағытта біздер жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақыттағы ең үлкен мәселе - қызмет көрсету, салынатын нысандардағы жергілікті кадрлардан бастап, сонда қойылатын құрал-жабдықтардың барлығын біздің кәсіпкерлер жүзеге асыруы тиіс», дейді Б.Камалиев.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта министрлік Halliburton компаниясымен жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта аталған компания скважиналарды тесуге қажетті бұрғыларды жасауға және басқа да сервистік жұмыстарға керекті құрал-саймандарды жасайтын бірлескен кәсіпорын құруға ұсыныс беріп отырған көрінеді. Бұл орайда вице-министр осындай компаниялармен бірлесіп, техникалық құжаттамалармен жұмыс жасағанда ғана қазақстандық қамтудың үлесі арта түсетіндігіне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар