Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 114 млрд. теңгенің 75 инвестициялық жобасы жүзеге асты

None
None
ТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 114 млрд. теңгенің 75 инвестициялық жобалары іске қосылды.

Олар бойынша 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бөлек, жылдың екінші жартысында кем дегенде 129 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 617 млрд. теңгені құрайтын бұндай жобалардың нәтижесінде 14,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылатыны күтіледі. Бұл жобалардың арасында мынадай ірі жобалар қамтылған: Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-і («Самұрық-Энерго» АҚ), Жетіген - Қорғас теміржол желісінің бірінші кезекте іске қосылатын кешен - жұмыс қозғалысы («Қазақстан Темір Жолы» АҚ), «Өзен -Түркіменстанмен мемлекеттік» («Қазақстан Темір Жолы») , «Talgo» Астана қаласындағы жолаушылар вагонын шығару зауыты, 5000 басына дейінгі ірі қара малды бордақылау алаңы, оның ішінде 1010 бас екі асыл тұқымды шаруашылығы Ақмола облысында «KazBeef Ltd» ЖШС, Сырдария өзеніндегі тасқынға қарсы Көксарай су реттегіші, Қызылорда облысындағы күкірт-қышқылы зауыты «СКЗ-U» ЖШС.

Еске сала кетсек, былтырғы 2010 жылы Индустрияландыру Картасы бойынша 800 млрд. теңгенің 152 жобасы іске қосылды және 23 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған болатын. Ал облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ақпараттарына сәйкес, 2010 жылы жүзеге асқан жобалардың 70 пайыздан астамы өз қуаттарын игерген.

Соңғы жаңалықтар