Ағымдағы жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы 26 қылмыстық іс қозғалды - С. Баймағанбетов

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Ағымдағы жылы ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы 26 қылмыстық іс қозғалды.

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  ҚР азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейтіп отыр. Ағымдағы жылы баскесерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа  қатысты 26 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық жауапкершілікке 36 қылмыс әлемінің «беделділері» тартылса, 40 лидерлері мен 200-ге тарта қатысушылары құрықталды », деді С. Баймағанбетов.

 Министрдің айтуынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес барысында қылмыскерлерден 5 автомат, 51 тапанша, 4 граната және басқа да қарулар тәркіленген. «Осы жақында ғана Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.  Олардан 2 автомат, 5 тапанша мен 4 граната алынды. Қылмыстық топ ұзақ уақыт қарақшылық шабуылмен айналысып келген әрі криминалдық бизнес бойынша күш көрсету арқылы есеп айырысуға дайындалып жүргені анықталды», деді министр.

Соңғы жаңалықтар