Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер ЖОО-да ғана даярланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, ағылшын тілі бойынша үш айлық курстарға қатысқан мектеп мұғалімдері тағы алты айлық курстан өткен болатын. Дегенмен, біз аталған мәселені қайта қарастырып шықтық. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің ағылшын тілі бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға арналған қаржыны, ол шамамен, 4 миллиард теңгені басқа мақсаттарға жұмсайтын боламыз. Ал ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер тек жоғары оқу орындар арқылы ғана даярланады. Иә, мектепте тәжірибесі бар мұғалім бар, ертең жоғары оқу орнынан келетін жас мамандар бар. Сол себепті біз қазіргі мұғалімлерді арнайы курстарға жіберген болатынбыз», - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, xимия, физика, биология мен информатикадан сабақ беретін 14 мың мұғалімді ағылшын тілі курстарынан өткізу жоспарланған болатын. Осы уақытқа дейін 11 мың мұғалім өз курстарын аяқтады.

«Енді, біз 2019 жылы басталған курстарды тоқтата алмаймыз. Ол дайындық жалғасып жатыр. Осыдан кейін осы саладағы мамандарды тек жоғары оқу орындары арқылы ғана даярлаймыз», - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді даярлау мәселесін түсіндірген болатын. «Негізі, 2016 жылы жаңартылған білім бағдарламасы қолға алынғанда біз бірден бакалавр мен магистратура бойынша маман даярлауға кірістік. Дәл осы мамандар xимия, биология, физика сияқты жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқытады. 2020-2021 жылдары бакалавр мен магистранттар оқуды аяқтап, мектептерге келе бастайды. Олардың барлығы - жаңадан келетін мұғалімдер. Біз оларды мемлекеттік тапсырыспен арнайы оқытып жатырмыз», - деді Б.Асылова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Вице-министрдің айтуынша, жас мамандардың бәрі отандық жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Олар бірінші курстан бастап тек ағылшын тілінде ғана оқытады. Бакалавр да, магистратура да солай. «Магистранттар оқуды аяқтауға жақын. Ал бакалавр 2020-2021 жылдары оқуды аяқтайды. Олардың барлығы мектепке барып, үш жылдай жұмыс істеуге міндетті. Мемлекеттік тапсырыстың шарты солай», - дейді Б.Асылова.

Соңғы жаңалықтар