Ағылшын тілін дұрыс оқытпаған Алматылық колледждің лицензиясы тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағылшын тілін тиісті деңгейде оқытпаған колледждің лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы бүгін қалалық Білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Департамент басшысы Гүлнар Ермекбаеваның айтуынша, департамент құзырына оқыту мекемелерінің білім беру қызметі сапасын тексеру кіреді. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру жеке тұлғалардың шағымына қатысты жүреді.

"Былтыр жоспардан тыс тексеру барысында 11 әкімшілік іс қозғалды. Осы әкімшілік істер бойынша 306 315 теңге көлемінде айыппұл салынды. Тексеру нәтижесінде Орталық Азиялық университет жанындағы Әлеуметтік-гуманитарлық колледждің лицензиясы 2 айға тоқтатылды. Бұл колледжде ағылшын тілі дұрыс оқытылмаған. Яғни мұғалімнің біліктілігі сай емес. Онда физика мұғалімі информатика пәнінен берген, бұл біліктілік сәйкессіздігіне жатады", - деді  Гүлнар Ермекбаева.

Оның айтуынша, департамент жұмыстарының басым бағыттары - білім берудің қызмет сапасын арттыру, лицензиялау мәселелері, мектептің білім беру саясатын бақылау, лицензиялау, апостильдеу, мемлекеттік аттестаттауды жүргізу.

Оның ішінде жеке тұлғалар көбіне қорытынды бағаларды төмендетіп қою,  материалдық-техникалық базаның жұтаңдығы, оқытушылық базаның әлсіздігі бойынша арызданады.

Соңғы жаңалықтар