Ағылшын тілін бір мұғалімге үйрету үшін қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында министрліктің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова аталған жобаға бөлінген ақшаның көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында 25 мұғалімнен таңдалып, жалпы 75 мектеп оқытушысы химия, физика, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіруге үйреніп жүр. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалды. Білім және ғылым министрлігінің осы тапсырысын Professional development centre алып отыр. 

«Иә, ондай жоба бар. Рас, бүгінде 75 мұғалімді Қарағанды, Астана мен Алматы қалаларында, әрбір қалада 25 мұғалімнен оқытып жатырмыз. Олар осымен тоқтап қалмайды, өз білімдерін ары қарай шыңдайтын болады. Тәжірибеге енгізеді. Қолдарынан келсе, әріптестерін де оқытуға тырысады. Әрбір мұғалімді біз қадағалап, алып жүреміз. Қаржысын мен нақты айта алаймын. Бірақ жаңағы 75 мұғалімдікі 10 миллиондай-ау (әрбір мұғалім үшін 133 333 теңге -  авт.) деймін. Иә, 10 миллион. Сол ақшаға компания біздің мұғалімдерімізді ағылшын тіліне үйретеді», - деді З.Мақсұтова.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, жалпы Қазақстанда үштілді білім беру жүйесін енгізуге 1,4 млрд жұмсалады. Аталған қаржының басым бөлігі - 1 трлн 153 млрд теңгесі бюджеттен бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар