Ағылшын сарапшысы Бозжыра туристік кешенін салуға байланысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англияның қала құрылысы корольдік институтының мүшесі, «Urban Living» ЖШС плацкэйминг директоры Рикардо Марини Бозжыра шатқалындағы туристік кешеннің құрылысы туралы пікір айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Мәдениет және спорт министрлігінің шақыруымен Маңғыстау облысындағы жұртшылықпен кездесуге келді.

«Маған Бозжыра шатқалы қатты ұнады. Мен көптеген елді араладым, көптеген көрікті жерді көрдім, бірақ бұл ерекше аймақ екен. Оған ұқыпты қарау, аумақты қорғау және туристер ағынын реттеу үшін барлық шараларды қабылдау өте маңызды», - дейді Рикардо Марини.

Оның айтуынша, инфрақұрылым, байланыс және білім Бозжыра сияқты табиғи ресурстарды сақтаудың ажырамас бөлігі ретінде қатар жүруі керек.

«Егер қонақ үй қоры шатқалды қорғауға, білім және байланыс орнатуға бағытталса, инвесторлар қоршаған ортаны қорғауға өте мұқият қарайтын болса, қалдықсыз механизмнің максималды механизмі болса – онда бұл жақсы идея. Туристерге табиғат аясында өзін қалай ұстау керектігін, қоқысты қалай жинау керектігін түсіндіретін нұсқаулық болса, Бозжыраны бүкіл әлемдегі табиғи ескерткіштер сияқты тұрақты түрде дамытуға болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар