Ағылшын футболы өз тарихындағы ең қымбат ойыншыны сатып алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағылшынның «Челси» клубы аргентиналық Энцо Фернандесті Ағылшын премьер-лигасы (АПЛ) тарихындағы ең қымбат бағаға сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш клуб футболшы үшін «Бенфикаға» 121 млн еуро төлейді.

Бұған дейін рекорд Джек Грилиш трансферіне тиесілі еді. Оны «Манчестер Сити» «Астон Вилладан» 100 млн еуроға сатып алған болатын.

Энцо – «Челси» сапына қаңтарда қосылған сегізінші ойыншы.

Энцо Фернандес Португалияның «Бенфика» клубында 2022 жылдың шілдесінен бері доп тепті. Биылғы маусымда барлық жарыстағы 29 матчта аргентиналық ойыншы 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Э.Фернандестің Қатарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының «Үздік жас ойыншысы» атанғаны белгілі.

«Челси» АПЛ турнир кестесінде 10-орында келеді. Грэм Поттердің шәкірттері 8 ойында жеңіске жетіп, 5 кездесуді тең аяқтап, 29 ұпай жинады.

Лондондық команда 3 ақпан күні өз алаңында «Фулхэмді» қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Килиан Мбаппенің Франция чемпионатында айдың үздік ойыншысы атанғанын жазған болатынбыз.

Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»


Соңғы жаңалықтар