Ағылшын археологтары ШҚО-дағы қорғандарды зерттеуге келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына, көне дәуір құпияларын ашу мақсатымен, Ұлыбританиядан археолог ғалымдар жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аltaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлыбританиялық ғалымдар мен студенттер Жетіжар ауылдық округы аумағында орналасқан ежелгі қорғандарда зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсемгүл Қалтаеваның айтуынша, англиялық археологтармен қатар Павлодар облысынан да ғалымдар келген. «Қонақтардың арасында бұрыннан ежелгі обаларды зерттеумен айналысып жүрген Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері де бар», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар