AGROSPACE ауыл шаруашылығы өндірушілерінің платформасы құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – AGROSPACE ауыл шаруашылығы өндірушілерінің платформасы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару және тиімді қолдануды мониторингілеу үшін Қазақстан ғарыш сапары негізінде JerInSpectr платформасын 1 шілдеден бастап іске қостық. Платформа жерді пайдаланудағы бұзу фактілерін анықтау және іс-шаралар қабылдауға бағытталған. Алдағы уақытта мемлекетке қайтарылған жерлердің ашық әрі әділ бөлінуін қадағалау үшін AGROSPACE ауыл шаруашылығы өндірушілерінің платформасы құрылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, AGROSPACE-те жеке кабинет негізінде өрістердің жай-күйін бақылауға мүмкіндік беріледі.

«Сайлауалды Президент бағдарламасына тиімді мониторинг жасау үшін 2023 жылы жобалық басқару жүйесін іске қосамыз», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар