Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың 17-сі Ұлттық қор қаржысының есебінен іске қосылмақ

None
None
денің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың 17-сі Ұлттық қордан қаржыландырылмақ. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасының жедел индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Ауыл шарушалығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті. 

 

 «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық жұмыс тобы агроөнеркәсіптік кешеніндегі 100 инвестициялық жобасын зерделегеннен кейін 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 61,4 миллиард теңгенің 33 жобасын енгізу шешімі қабылдады», деді ол.

 Вице-министрдің сөзіне қарағанда,  58, 5 миллиард теңгенің 30 жобасын жүзеге асыру «ҚазАгро» холдингінің  жауапкершілігіне бекітілген.  Оның ішінде 30,7 миллиард теңгенің 17 жобасы Ұлттық қор қаржысының есебінен іске қосылмақ.

 «Қазіргі кезде 13 жоба жүзеге асыру кезеңінде тұр. 17 жоба бойынша жүзеге асыру мерзімі 2009-2010 жылдарға жоспарланып отыр. Ал қалған үш жобаны іске қосу жауапкершілігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі», деді А. Евниев.

 Оның айтуынша, бұл жобалар бидай өндірісі мен оны тереңдетіп өңдеуге, ет өнімдері өндірісін дамытуға, көкөніс, құс шаруашылығын жетілдіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы машина құрылысына арналған.

Соңғы жаңалықтар