Агроөнеркәсіпті цифрландыру - дәлде-дәл егіншілікте нәтиже беруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының фермерлері дәлде -дәл егіншіліктің озық инновациялық технологияларын қолданудың тиімділігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, ол Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру жөніндегі мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

АӨК-ті цифрландыру аясында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тәжірибелі егістіктерде нақты егіншіліктің озық инновациялық технологияларын енгізуде.

«Дәлме дәл егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни егістіктің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты деректер, датчиктер және сенсорлар, космониторинг және басқа шешімдер. Осындай технологияларды енгізу, дақылдардың өнімділігін орташа есеппен 15% -ға арттырады. Біз биыл Шортанды ауданындағы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының территориясынан 3 мың га жерді бөліп, цифрлық жүйемен дәлде-дәл егіншілікті жүзеге асырудамыз. Бүгінгі шарада фермер, агроном, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінің басын қосып дәлде-дәл егіншіліктің жұмыс процесін көрсетудеміз. Және салыстырмалы түрде болуы үшін, біз дәстүрлі егіншілікті қатар көрсеттік, нәтиже айтарлықтай», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев.

Сонымен қатар, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы тәжірибелік шаруашылықтар негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған кезекті «Neo Nomad» іскерлік ойыны өтті. Ойынға фермерлік шаруашылықтардың 50-ден астам өкілдері, ғалымдар қатысты.

«Ауыл шаруашылығы мамандарының басын қосқан «Neo Nomad» іскерлік ойынын бұған дейін 8 облыста өткіздік. Бұл жерде мамандар бір-бірлерімен ақыл-кеңес алып қана қоймай, өз өнімдерін арттыру, оны цифрлық жүйеге көшірудің тиімділігі туралы біледі. Және ойында әр кәсіпкер өз өнімін жарнамалап таныстырады, ойын соңында жеңімпаздарға сертиафикат пен ауыл шарушылығы техникасын алуға жеңілдік беріледі», -деп атап өтті А.Евниев.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.


Фото: crimeangazette.ru

Соңғы жаңалықтар