Агроөнеркәсіп саласына беріліп жатқан мемлекеттік қолдау қаражаттарының тиімділігін арттыру қажет

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Агроөнеркәсіп саласына беріліп жатқан мемлекеттік қолдау қаражаттарының тиімділігін арттыру қажет.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

Бұған сәйкес тапсырмалар Мемлекет басшысының тарапынан жүктелген.

«Қазір тек Қазақстанның ғана емес әлемдік қауымдастықтың алдында үлкен қауіптер баршылық. Бұл өз елінің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Бұндай жағдайда елімізде аграрлық бизнесті дамыту, оның ішінде еліміздің ауқымды әлеуетін есептесек, алдымызда өзекті мәселелер айқын. Сондықтан да, өткен 20 жылда атқарылғандарға тоқмейілсіп, тоқтап қалмай, алға жүктелген міндеттерді толық орындауға күш салатын боламыз. Бұл ең алдымен - өндірістің тиімділігін арттыру, егіс алқаптарын әртараптандыру. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы мен тауар өндірушілер арасындағы ірілендіру шараларының да маңызы зор. Бұндай міндеттердің барлығын біз тек заңнамалық актілерді жетілдіру арқылы ғана қол жеткізетін боламыз», - деді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар