Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті арта түспек - қызылордалық ғалым

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Елбасы Жолдауында ел өімірінде маңызды көптеген мәселелер қамтылды. Олардың қатарында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті, инновациялық және сервистік секторларды дамыту бағытында алдағы уақытта сан алуан істер жүзеге асырылатыны қуантады», - деді техника ғылымдарының кандидаты Есенжол Назаров ҚазАқпарат тілшісіне.

«Агроөнеркәсіп саласы - еліміздегі маңызды саланың бірі. Сондай-ақ, азаматтардың тең жарымына жуығы ауылдық жерлерді мекен етеді. Мемлекет басшысының Жолдауда агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске қосу керектігін айтуын толық қолдаймын. Жалпы, мемелкеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге замаануи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажеттігіне назар аударылатын болды. Ауыл тұрғындары келешекте бұл бағытта нәтижелі жұмыстарға қол жеткізеді деген үміттемін», - деді Е.Назаров.

Е.Назаровтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде инновацияға маңыз беріліп келеді. Оны болашақтың басты жобасы ретінде қарастыруға әбден болады. Қазіргі таңда әлемнің көптеген мемелкеттері осы мақсатта зор табыстарға қол созып отыр. Ендігі кезекте мұндай игі істер біздің елімізде де жүзеге асуына жол ашылатын болады.

«Жолдауда Мемлекет басшысы «Ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, Үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу міндетін жүктеді. Бұл - Қазақстанның алдағы даму бағытына тың серпін беретін игілікті шаралар», - деді Е.Назаров.

Оның айтуынша, Жолдауда көрсетілген мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту,  «Педагогтар мәртебесі туралы» заңды қабылдау қажеттігі - қазіргі кезеңдегі күн тәртібінде тұрған мәселелер. Бұл бағытта ел өміріндегі маңызды деп саналған көптеген келелі істер жасалатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар