«Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» бірлестігіне жаңа басшы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің ортақ жиыны өтті. Еліміздің 10 аймағынан келген кредиттік серіктестік өкілдерінің басқосуында Қауымдастықтың жаңа басшысы болып Сағатова Альмира Сайындолдақызы сайланды. Бұл туралы бірлестіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қауымдастықтың бұған дейінгі төрағасы Төлеутай Рахымбеков өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. А.Сағатова осыған дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Кредиттік серіктестіктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры қызметін атқарған. Білімі жоғары, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» мамандығын тәмәмдаған. Әр жылдары «АТФ Банк» АҚ Өскемен қаласындағы филиал директорының орынбасары, «Казкоммерцбанк» ААҚ Риддер қаласындағы аудандық кредит бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған», - делінген баспасөз баянында. Сондай-ақ, отырыс барысында Қауымдастық мүшелері Қауымдастықтың 2015 жылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыс нәтижелерін қарады.

Соңғы жаңалықтар