USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы: мемлекет бидайды сатып алуды азайтады

2016 жылғы 7 қараша 16:02
Бөлісіңіз:
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы: мемлекет бидайды сатып алуды азайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының жобасын даярлады. Аталған құжат Үкіметте бірнеше рет таныстырылды. Енді, министрлік оны xалықтың талқысына шығарып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Қайрат Айтуғановтың айтуынша, алдағы жылдары астық алқаптарының көлемін 2,3 млн. гектарға азайту жоспарланған. Осының нәтижесінде жыл сайын 3 млн. тоннаға аз бидай жиналатын болады. "Бүгінде бізде 2,9 млн. тонна бидай артығымен қалып отырады. Енді, соның орнына майлы дақылдарды көптеп өсіру көзделіп отыр. Себебі елімізде осы санаттағы өнімдердің тапшылығы қатты байқалады. Осы кәсіпке ауысатын шаруалар аталған өнімді қайда сатамыз деп алаңдамаса болады. Себебі біз оны да бидай сияқты мемлекеттік қорға сатып аламыз", - дейді Қ.Айтуғанов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде комбикорм (1,3 млн. тонна), арпа (1,2 млн. тонна), қант қызылшасы (1 млн. тоннаға жуық), жүгері және тағы басқа дәнді-дақылдарға сұраныс жоғары болып тұр. Соның барлығы сырттан жеткізіледі. Ал жаңа бағдарлама аясында аталған өнімдерді өзімізде өндіріп, ішкі нарықты барынша толтыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, ет пен сүт өндірісін дамыту жұмысына баса назар аударылады. "Қазіргі кезде бізде ет пен сүт зауыттары бар. Бірақ ол зауыттардың өңдеуіне түсетін шикізаттың көлемі аз болып тұр. Мәселен, шаруалар сүтті өздігімен сатып жатады. Ал сүт зауыты тек 50 пайызға ғана жұмыс істейді. Ендігі кезекте, аталған көрсеткішті барынша көтеріп, өнім өңдеу көлемін арттыруды жоспарланып отыр. Біз алдымен ішкі нарықты дайын отандық өніммен толтырып алуымыз қажет. Содан барып экпортқа шығуға болады. Әйтпесе, қазір біздің сыртқа шығаратын тауарымыздан гөрі сырттан сатып алатын тауарымыз басым болып отыр. Біз минусқа кетіп жатырмыз", - деп атап көрсетті вице-министр.

Осылайша, мемлекет мал шаруашылығы саласының тиімділігін 58 пайызға, ал өсімдік шаруашылығын 40 пайызға дейін арттырмақшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT