Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық ұлттық жобасын әзірлеу қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық ұлттық жобасын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы қазіргі қолданыстағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аяқталатындығын атап өтті.

«Үкіметке бизнеспен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді бастауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, аталған жобаның басты мақсаты - ірі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін 2,5 есе ұлғайту, агроөнеркәсіп кешені өнімдері экспортын екі есеге көбейту болмақ.

Соңғы жаңалықтар