+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Агроөнеркәсіп кешенде 4,5 трлн теңгенің 845 жобасы іске асады

2021 жылғы 20 сәуір 11:33
Бөлісіңіз:
Агроөнеркәсіп кешенде 4,5 трлн теңгенің 845 жобасы іске асады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 5 жылда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде 4,5 трлн теңгенің 845 жобасы іске асады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда министрлік Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеуде. Оның негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттері: 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру; 70 мың отбасылық шаруашылық құру; 500 мыңға жуық адамды ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту; 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, 7 экожүйе құру», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, аталған міндеттерге қол жеткізу үшін ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруға және ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар іске асырылады.

«Жалпы республика бойынша бес жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомаға 845 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде биыл 335 млрд теңге сомасына 285 жобаны енгізу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған инвестициялық жобалар өңірлердің әкімдіктерімен және инвесторлармен пысықталды. Сәйкес Жол карталары бекітіліп, оның аясында мнистрлік тұрақты түрде олардың іске асырылуына бақылау және мониторинг жүргізуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының 7 ірі экожүйені құру жөніндегі тапсырмасының ажырамас бөлігі болады. Оның шеңберінде дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру және өңдеу бойынша экожүйені құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда», - деді министр

Мәселен, оның дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу жөніндегі «BioOperations» ЖШС зәкірлік кәсіпорны бар экожүйесі құрылуда. Ол астық дақылдарын тереңдете қайта өңдеу зауытын, құрама жем зауытын, құс шаруашылығы кешенін, сүт-тауарлық фермасын және аталған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT