Аграрлық университеттің профессорын өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұстазы, профессор Ағыбай Смағұловты өлтірді деген күдікпен ер азамат  ұсталды. 1980 жылғы азамат марқұмның  мәйітін өзі тауып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдікті марқұм көмілген жерді өзі тауып берді. ҚР ҚК 99  бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік,  Ағыбай Смагұловтың із-түссіз жоғалғандығы жөнінде ақпарат әлеуметтік желіге жарияланған болатын. Онда ер азамат 17 тамыз күні Алматы қаласындағы үйінен шығып, Алматы облысындағы Қарасай ауданына бағыт алғаны жазылған еді. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті Қарасай ауданында ұсталып, қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар