Аграрлық туризмді дамытуға ауыл жастары жұмылдырылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде аграрлық туризмді дамыту үшін ауыл жастарын жұмылдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғырған ауыл» жобасын әзірледі. Ол жоба Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірге іске асырылмақ. Жобаға жаңа технологияларды алға жылжыту, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау үшін ЖОО кооперациясын қамтамасыз ету, жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында аграрлық туризмді дамыту үшін ауыл жастары ішінен мамандарды даярлау жұмыстары енеді», - деді ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко.

Оның айтуына қарағанда, өз кезегінде ҚХА Қоғамдық келісім мекемелері аудандар мен округтерде жол картасы шеңберінде технологияларды дамыту жұмыстарын ары қарай жалғастыра береді.

null 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерді қолдау және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы бойынша тың бастамалар көтерген болатын. Сондай жобалардың бірі - «Ауыл - ел бесігі».

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл - ел бесігі» атты жаңа арнайы жобасы аясында бірнеше негізгі индикаторды бөліп, ауылдарда жас бизнесмендердің санын арттыруды көздеп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар