+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Аграрлық салада ғалымдар ғылыми жұмыстарына сыйақы алуы керек - Төлеутай Рахымбеков

2020 жылғы 30 қазан 17:30
Бөлісіңіз:
Аграрлық салада ғалымдар ғылыми жұмыстарына сыйақы алуы керек - Төлеутай Рахымбеков

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар өзінің ғылыми жұмыстарына сыйақы алуы керек. Бұл туралы онлайн-конференцияда «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы министрі ұн өндіру көлемі төмендегенін айтты СҚО кенже қалған қой шаруашылығын дамытып жатыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы қалай дамыды

«Коммерцияландыру – бұл термин қазіргі кезде біздің қоғамдық өмірімізде өзінің нақты орнын алып отыр. Коммерцияландырудың қажет екеніне дау жоқ, алайда сөзден іске көшу үшін біраз шаруаны еңсеру керек. Коммерцияландырудың ішіндегі ең басты тетіктерінің бірі – ол «роялти жүйесі», - деді Т. Рахымбеков АӨК саласында ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру тақырыбындағы конференцияда.

Осы орайда ол қазіргі кезде ән мен басқа да шығармалардың авторларына «авторлық сыйақы» тетігі белсенді пайдаланылып келе жатқанын еске салды.

«Дәл осындай қадам ғылымда да ескерілген, яғни ғалым өзінің ғылыми жұмысын пайдалану нәтижесінен сыйақы алуы керек. Аграрлық ғылыми- білім беру орталығы жүйесінде 2009 жылы алғашқы оңтайлы тәжірибе пайда болып, сол кезде Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталық базасында 32 шарт бекітіліп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 108 млн теңге төлеген еді. Бұл шамамен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сытып алған тұқым құнының 1-1,5 пайызы шамасында», - деді Т. Рахымбеков.

Оның сөзіне қарағанда, заңнама бойынша аталған соманың 30 пайызы тікелей ғалымдарға, яғни сұрыптардың, тұқым мен технология авторларына бағытталуы тиіс.

«Нәтижесінде, осы ғылыми-өндірістік орталық ғалымдарына 32 млн теңгеден астам төленді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT