+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Агенттік жемқорлыққа жиі жол беретін әкімдіктерді жариялады

2020 жылғы 13 ақпан 17:04
Бөлісіңіз:
Агенттік жемқорлыққа жиі жол беретін әкімдіктерді жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлық фактілері жиі болған әкімдіктерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау шарттары жеңілдетілді Қазақстанда шылым шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді

«Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі – 37, содан кейін Жамбылда – 30, Ақмолада – 19, Алматы мен Қостанайда – 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикер жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайтын салалары туралы түсінік берді.

«Мониторинг көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдарда жемқорлық қылмыстар көбінесе білім беру саласында (54), жер қатынастары (29), ауыл шаруашылығы (27), сәулет және құрылыс (25), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (19) салаларында жасалады», - деп атап өтті ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне аталған мониторинг нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қаупі бар жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ішкі талдау жүргізуді ұсынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT