Агенттік жемқорлыққа қатысты қанша адам шетелде жасырынғанын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыс жасаған 65 күдіктіні іздеуге жариялады.

Бұл туралы аталған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінде 65 қылмыскерді іздестіріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұл адамдардың арасында 33-і шетелде жасырынып жүр», - деді О. Бектенов Орталық коммуникацялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) бастамасына қосылды.

ГРЕКО-ға қосылу Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясын ратификациялауға жол ашады. Бұл өз кезегінде қылмыскерлерді экстрадициялау, олардың заңсыз тапқан мүлкін қайтару мәселелері бойынша Еуропа елдерімен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар