Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев СҚО-да жұмыс сапарымен жүр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысына 3 күнге іссапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеше Петропавл қалалық көші-қон қызметі орталығында болды.null

«Көші-қон қызметтері ашықтық қағидаты бойынша кедергісіз беріледі. Бұрынғыдай өткізу бекеті жоқ. Ғимарат ыңғайлы болу үшін бөліктерге бөлінген. Кеңес беру, күту, операция залдары, ақпаратты өңдеу секторы бар. Электронды кезек арқылы қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ төлем кассасы жұмыс істейді. Еңбек мигранттары бір жерде барлық жұмыстарын бітіреді», - дейді Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Мамандардың айтуынша, мұндай үлгідегі көші-қон орталығы елімізде аалғашқылардың бірі болып СҚО-да жұмыс істеп жатыр.

Алик Шпекбаев орталықтың жұмысына оң бағасын берді. «Open space» ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықта халыққа ыңғайлы болу үшін бар жағдай жасалған. Ал қызмет көрсету сапасын «Digital agent» мобильді қосымшасы арқылы бағалауға болады. Бұл қосымшаны елдегі тәжірибеге сүйене отыра жақында Әзербайжанда да енгізбек.

Бүгін агенттік төрағасы Петропавл қалалық соты мен полиция басқармасындағы фронт-офистердің жұмысымен танысады. Дәрігерлермен, кәсіпкерлермен және студенттермен кездеспек. Түстен кейін Шал ақын ауданына жол жүріп, бірнеше нысанды аралайды.

null

Соңғы жаңалықтар