Агенттік тауарлық газ нарығына қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында монополиясыздандыру процесі басталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарлық газды тасымалдау нарығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық газ құбыры» ЖШС және «Бейнеу Шымкент Газ Құбыры» ЖШС магистральдық газ құбырлары және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарату желілері бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері бар. Мұнда табиғи монополиялар субъектілері («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС) шығындарының 35%-ы газ құбырларын техникалық пайдалануды аутсорсингке беру арқылы мемлекеттік тарифтік реттеуден шығарылды. Нәтижесінде, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін осы жұмыстардың құны 42,7%-ға ұлғайды», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында монополиясыздандыру процесі басталды. Мәселен, еліміздің 6 өңірінде жеке операторлардың үлесі 15-20%-ға жетеді. Бөлшек сауда операторы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өзі жұмыс көлемінің шамамен 70%-ын сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берді.

«Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сатып алатын бөгде ұйымдардың қызметтеріне бәсекелес қолжетімділік жоқ. Мәселен, соңғы 5 жылда сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берілген биллинг, көлік қызметтері және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың өзге де қызметтерін сол бір жеткізушілер ұсынады. Мысалы, биллинг қызметтерін бірдей құрылтайшысы бар 10 жеткізуші ұсынады. Осылайша, бөлшек сауда операторы жұмысының кемінде 70%-ын аутсорсингке беру фактілері, нарықта басқа бөлшек операторлардың болуы нарықтың монополиясыздануына және ұлттық оператордың активтерін жеке компанияларға беруге дайын екендігін білдіреді», - деді агенттік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын «ҚазТрансГаз» АҚ тауарлық газды сатып алуға басым құқық беруі ел өңірлерін ауқымды газдандыру қажеттілігімен негізделді. Сонымен қатар, «Сарыарқа» негізгі магистральдық газ құбырын және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарату желілерін салуды қаржыландырудың негізгі көздері компанияның сыртқы нарықтарда тауарлық газды өткізуден (яғни басым құқықты пайдаланудан) түскен кірістері емес, яғни қарыз, бюджет қаражаты мен халыққа қызмет көрсетуден тарифтік кірістері болып отыр.

Сонымен қатар, ұлттық оператор өзінің сатып алуларына және құрылыс-монтаждау жұмыстарының бәсекелес нарығына қолжетімділікті шектейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде тауарлық газ нарығын 95%-ға «QazaqGaz» АҚ газды басымдықпен сатып алуға монополиялық құқықпен ұсынады.


Соңғы жаңалықтар