Агенттік департаменті мұғалімдерді баспасөзге мәжбүрлеп жаздырумен күреспек

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басылымдарға мәжбүрлеп жазудың алдын алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Аталған мекеме облыстық қоғамдық кеңес мүшесімен  бірлесіп Талдықорғанның  мұғалімдері арасында жасырын сауалнама жүргізуде.

Шара ағымдағы жылдың 24-30 қаңтар аралығында өткізіледі. Мақсат - білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мәжбүрлеп мерзімді басылымдарға жазылу фактілерін анықтау. Сауалнамамен қатар, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

«Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда», - деді облыстық ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Сымбат Исрапулова.

Соңғы жаңалықтар