+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Агенттік Атбасар ауданы мен Степногор білім бөлімдерінің басшылары не үшін жазаланғанын түсіндірді

2020 жылғы 27 қараша 12:19
Бөлісіңіз:
Агенттік Атбасар ауданы мен Степногор білім бөлімдерінің басшылары не үшін жазаланғанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектептер мен емханалардағы жемқорлық жағдайлары тексерілді. Бұл туралы 1424 Call орталығы қызметінің биылғы 10 айдағы қорытындысын баяндау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты Кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланады – Шыңғыс Қабдула

«Агенттік мектептерде, ЖОО-ларда, емханаларда ақша жинауға, дәрілік препараттарға, медициналық құралдарға және басқа да жағдайларға, яғни «тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» қатысты өтініштерді назардан тыс қалдырмайды. 133 осындай өтініш келіп түскен. Олардың барлығы қоғам мен арнайы мониторинг топтарын міндетті түрде тарта отырып, мұқият қарастырылады. Бұл жағдайда әкімдіктердің тиісті қызметтерінің, еңбек ұжымдарынің, ата-аналар комитеттерінің, сондай-ақ өзге де өкілдердің қатысуымен бірлескен кеңестер өткізіледі», - деді Е. Жақсымбетов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, Атбасар және Степногор қалаларының мектеп оқушылары ата-аналарының өтініштері бойынша мектептің «қажеттіліктеріне» ақша жинау бөлігінде (кварц шамдары, перделер, дәретхана қағазы және т.б.) қызметтік тексеру, сонымен қатар ата-аналар арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған фактілер расталды.

«Тексеру нәтижелері бойынша Атбасар ауданының және Степногор қаласының білім бөлімдерінің басшылары мектеп директорларымен бірге тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларын мерзімді баспасөз басылымдарына мәжбүрлеп жазу фактісі жиілеп кетті. Алматы облысында зейнетақының бір бөлігін баспасөз басылымдары түрінде беру фактісі бар.

«Барлық өтініштер бойынша ұжымдарда түсіндіру шаралары жүргізілді. Осы орайда білім беру мекемелері мен «Қазпошта» АҚ-ның басшыларына алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы ескерте отырып, мерзімді баспасөз басылымдарына ерікті түрде жазылудың маңыздылығы айтылды», - деді Е. Жақсымбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1424 Call орталығы қызметінің биылғы 10 айдағы қорытындысы жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT