+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Агенттік әскерилердің бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты

2020 жылғы 13 ақпан 14:31
Бөлісіңіз:
Агенттік әскерилердің бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ҚР Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлық қылмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің оңтүстігінде мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілуде СҚО-да парақорлар мемлекетке жарты млрд теңге шығын келтірді Алматы гарнизонында көктемгі әскери шақыру туралы түсіндірілді

«Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықпен сотталған қызметкерлерінің саны бойынша орталық меморгандар арасында үшінші орында тұр. 2019 жылы мұнда 28 лауазымды тұлға мен әскери қызметші сотталды», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, жауапқа тартылған 28 қызметкердің 20-сы немесе 75% басқарушы құрам болып шыққан.

«Көп жағдайда әскери бөлімдердің қызметшілері жалған іссапарлар мен жеке құрамға сыйақы беру, әскери киімдер, жанармай және басқа да мүліктерді есептен шығару туралы жалған актілерді жасау жолымен қаражат жымқырған. Қалалық және аудандық қорғаныс бөлімдерінде әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру үшін пара сұралған», - деп атап өтті А. Жарова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT