Ағдамда түрік-ресей мониторинг орталығы жұмысын бастайды

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бүгін Ағдамда Әзербайжан, Ресей және Армения елдері көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесі аясында құрылған түрік-ресейлік бірлескен мониторинг жүргізу орталығы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан Республикасының президенті, Ресей Федерациясының президенті және Армения премьер-министрінің бірлескен мәлімдемесінің тиісті тармағымен құрылған түрік-ресей бірлескен мониторинг орталығы бүгіннен бастап өз қызметін бастайды. Бірлескен мониторинг орталығына қатысушы түрік әскери қызметкерлері Әзербайжанға келді. Бұл туралы ӘЗЕРТАДЖ-ға берген сұхбатында елдің Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бастығы, полковник Вагиф Даргяхлы мәлімдеді.

Әзербайжан қорғаныс ведомствосының өкілі бұл орталықта жұмыс істейтін ресейлік әскери қызметкерлердің Әзербайжанға жеткенін мәлім етті, деп хабарлады ТАСС .

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Таулы Қарабақтағы жағдай шиеленісіп, даулы аймақта белсенді ұрыс басталды. 9 қараша күні РФ президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения президенті Никол Пашинян Таулы Қарабақта әскери қимылдарды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ресей көшбасшысының хабарлауынша, әзербайжан және армян тараптары бос емес позицияларда қалады, ал өңірде РФ бітімгерлері орналастырылады.


Соңғы жаңалықтар