Ағайынды Мұсаевтар ұстанымы: Полицей жазалаушы емес, көмек көрсетуші деген түсінік болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полицейлердің әулеті-бұл тәжірибе мен білім мұра бойынша берілетін дәстүрлі отбасылар. Ұлы қандай қиындықтар мен сынақтарды сезіне отырып, әкесінің ісін жалғастырады, кіші ағасы үлкен ағасының ізімен мақтан тұтады. Мұнда патриотизм және қызметтік борыш адамгершілік құндылықтар болып табылады. Төрт ағайынды Мұсаевтар өз өмірін полиция саласына арнаған. Дәл осы жерде қызметке деген құрмет, борышқа деген адалдық, ұзақ жылдар бойы мамандықтың беделі ағайындар үшін ортақ басымдыққа айналды. Бір-бірін қолдай отырып, олар түрлі жолдардан өтті. ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Даниярбек Мұсаев өзінің отбасылық тарихы туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы жолдауында Қазақстан халықының беделін арттыру мақсатында тың мәселелерді көтерген болатын. Стратегиялық құжатта алға қойған мақсаттар айқындалып, таяу арада атқарылуы тиіс бірқатар міндеттер жүктелді. Бұл орайдағы басты мақсат - озық, дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Елбасы жолдау кіріспесінде осыған дейін жасалынған жұмыстардың нәтижесімен де бөлісті. Елбасымыз: «Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік», - деп нақтап кетті.

Еліміздегі саяси тұрақтылық пен халықтың өзара ауыз бірлігі туралы Ұлт Көшбасшысы бұған дейін де талай айтқан болатын. Бұл ретте, құқық қорғау құрылымдарының алдына жүктелетін міндеттер ауқымы орасан. Өйткені, тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кез келген құқық бұзушылыққа тосқауыл болатын, ел тыныштығын қорғайтын - ішкі істер органдарының қызметкерлері. Елбасының полицейлерден терең де сапалы өзгерістер күтетінін сондықтан. Себебі, қауіпсіздік - тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады.

Баршаға мәлім, Н.Назарбаев Үкіметке, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда адами тұрғыдағы ең асыл мақсат - азаматтар санасында полицейлер - жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінікті орнықтыру. Яғни, халықтың шынайы қамқорлықты сезіне алуы.

Жоғарыда сөз еткен қамқорлық ұғымын жадынан бір елі шығармай, ел үшін тер төгіп, халық үшін қызмет көрсетіп жүрген азаматтарымыз арамызда өте көп. Ұлтжандылық пен патриоттықты ту етіп, осы қызмет жолын ел алдындағы борышы санап келе жатқан абзал азаматтарымыздың бірі -Даниярбек Мұсаев.

Даниярбек Өметайұлы қызмет жолынан ғана емес, отбасынан полицей. Себебі, осы бір ойы мен қыры, соқпағы мен қыраты мол жолды әкесі мен алдыңғы толқын ағалары салған-ды. Әке салған сара жолды тайғанақтамай жүріп өту - оның бала күнгі асыл арманы-тын. Ақ арман адастырмады. Бүгінде иығына полковник шенін таққан, сыр мен сымбаты қатар өрілген атпал азамат ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығының орынбасары лауазымын атқарады.

Ол кез келгеннің ыңғайына көне бермейтін бұл мамандыққа мектепті тәмәмдап, әскери борышын өтегеннен кейін келді. Бұл бұлаңдаған балалықтың артта қалып, нағыз жігіттіктің толысқан шағы ғой. Былайша айтқанда, оң-солды танып, ақ пен қараның жігін айырып, әрі өмірге салмақпен қарай бастаған кез.

«Туған жерге туыңды тік», - демекші Даниярбек Өметайұлы ең алғаш еңбек жолын ата-бабасының құтты мекеніне айналған Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласының патрульдік-бекеттік қызметінен бастаған. Әскери өмірдің темірдей тәртібіне әбден төселген жанға қай жұмыстың болсын ауырлығы жоқ. Оның үстіне полиция қызметін бала күннен көріп өскендіктен бе оған тіпті де таңсық болмады. Қилы қиындықтарға да төтеп берді. Сөйтіп жүріп өміріне азық болар үлкен тәжірбие жинақтайды. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді». Сол кездегі көмекші құралдардың қазіргі заманауи құралдарындай болмаса да - Даниярбек Өметайұлының өзіне жүктелген тапсырмаларды абыроймен орындап шығуына қылдай кедергісі болмады.

Қызметтің ыстық-суығына үйреніп, қанығып келе жатқан полицей 1991 жылы КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция мектебіне оқуға түседі. Мұсаев оқуды аяқтаған соң да туған өлкесіне оралып, жедел уәкіл болып жұмысқа орналасады. Қылмыстық іздестіру саласында көптеген күрделі істерді жүргізді, шынықты, ширатылды. Бастаған ісін әрдайым соңына дейін жеткізіп, сәтті аяқтайтын полицей - жанкешті еңбекқорлығының арқасында жұрт назарына бірден ілікті.

null

Сөйтіп, Даниярбек Мұсаев 1993 жылы қажырлы қайратымен, табанды еңбегімен аға сержант шенін мерзімінен бұрын алып, милицияның үздік жедел уәкілі атанады.

2001 жылы подполковник шеніндегі Мұсаев мырза, 2005 жылы полковник атағын да мерзімінен бұрын алады. Бұл да кез келгенге бұйыра бермейтін абырой, жетістік. Бұдан соң білімін жетілдіру мақсатында Х.А.Яссави атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқыды, оны да сәтті бітірген. Қазіргі таңда кейіпкеріміз - заң ғылымдарының кандидаты.

Бұған дейін Д.Мұсаев біраз жыл Алматы қаласындағы Көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметінде болған. Терең білім мен жинақы тәжірбиені серігіне айналдыра жүріп, полковник өзінен кейінгі өсіп келе жатқан жас мамандарға ақылман басшы, жанашыр ағаға айналды.

Өзі талай жыл еңбек еткен саланың үздік қызметкері. Тіпті, көптеген наградалар мен төс белгілердің иегері. Биыл да Ішкі істер органындарындағы ерен еңбегі үшін екінші дәрежедегі Айбын орденін жарқыратып кеудесіне тақты.

Ал жеке өмірінде ынтымағы берік, бақ-берекесі шалқыған, шалқар шаңырақтың таудай тірегі. «Бағалай білгенге бақ қонар, қуана білгенге құт қонар», - деген нақыл да Мұсаевтар отбасына арналып айтылғандай. Даниярбек Өметайұлы асыл жар, тұмарлы ұл мен тұлымды қыз өсірген бақытты әке.

«Күнге ұмтылып гүл шықсын, шыңға ұмтылып ұл шықсын»,- демей ме халқымыз. Олай болса, бізде абзал ағаға балаларыңыз өзіңіздей қамалды жарып өтер өткір, елін сүйер ер, туған тілі мен ділін ұлықтар азамат болып өссін», - дегіміз келеді.

Соңғы жаңалықтар