USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Ағайынды мүгедек азаматтардың пәтерін туысқаны сатып жіберген - Алматы прокуратурасы

2015 жылғы 3 қазан 12:57
Бөлісіңіз:
Ағайынды мүгедек азаматтардың пәтерін туысқаны сатып жіберген - Алматы прокуратурасы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағайынды мүгедек азаматтардың пәтерін туысқаны сатып жіберген. Бұл дерек мүгедектер мен психоневрологиялық ауруларға арналған интернаттың жұмысын тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

А. есімді азаматша өзінің туысқаны болып келетін мүмкіндігі шектеулі ағасы мен қарындасының атындағы пәтерді пайдалану құқығына ие болу үшін сенімхатқа қол жеткізген.

Соның арқасында 2013 жылдың ақпанында «Тастақ-1» шағын ауданында орналасқан 2 бөлмелі пәтерді мүгедектердің ырқынан тыс сатып жіберген.

Кейін Бостандық ауданы прокуратурасының бастамасымен қозғалған сот ісі барысында белгіленген сот-психологиялық сараптамаға сәйкес ағайындылар келісімге қол қояр мезетте психологиялық тұрғыдан науқас екендігі белгілі болып шықты.

№2 Алмалы аудандық соты мүгедек жандардың пәтерін сату туралы келісімді заңсыз деп тауып, мемлекеттік тіркеуді жоққа шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT