Ағайынды Коэндер Канн фестивалінің қазылар алқасын басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер және сценарий жазушылар, ағайынды Джоэл және Итан Коэндер 68-ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады. Бұл туралы кинобайқаудың ұйымдастырушылары мәлім етті.

Осылайша, фестиваль тарихында алғашқы рет қазылар алқасының басында бірдей екі адам отырмақ. Бағдарламаға қатысатын фильмдер мен қазылар алқасының толық құрамы сәуір айында белгілі болады.

1991 жылы Коэндер (Бартон Финк» фильмі үшін Канн фестивалінің «Алтын пальма бұтағына» ие болды. «Внутри Льюина Дэвиса» картинасы 2013 жылы режиссерлерге Канн қазылар алқасының Гран-при жүлдесін әкелді. Коэндер Канн кинофестивалінде екі рет үздік режиссерлер ретінде танылды. Бір жүлдені 1996 жылы «Фарго» үшін алса, екіншісін 2001 жылы «Человек, которого не было» туындысы үшін иеленді.

Қазіргі кезде ағайындылар Джордж Клуни, Кристоф Ламберт, Скарлетт Йоханссон, Тильда Суинтон, Джош Бролин және Ченнинг Татум түсіп жүрген «Аве,Цезарь!» фильмінің өндірісінде жүр.

68-ші Канн фестивалі 13-24 мамыр аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар