10:25, 02 Тамыз 2021 | GMT +6
Ағайынды Емельяновтар Токио олимпиадасында жартылай финалға өте алмады
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1 000 метр қашықтағы ширек финалдың сындары аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты.
Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды.
В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.