+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Ағайынды Аңқауовтар сурет салуда мал жүнін қолданудың «әккі» әдісін ойлап тапты

2019 жылғы 14 қыркүйек 22:48
Бөлісіңіз:
Ағайынды Аңқауовтар сурет салуда мал жүнін қолданудың «әккі» әдісін ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ағайынды Аңқауовтар мал жүнін ерекше технология арқылы қолдана отырып сурет салады. Және қолөнер шеберлігінің бұл әдісін патенттеген. Ерекше қолөнер туралы қостанайлық шебер Арлан Аңқауов ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның ең үздік әнші-полицейі анықталды Қостанайда дәстүрлі ән байқауының жеңімпаздары анықталды Ташкентте қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

«Бүгін Ұлттық музейде ашылған көрмемізде ұлттық нақышта қойдың жүнінен жасалған әртүрлі бұйымдар қойылған. Көбісі гобелен және шиден тоқылған. Және жұмыстар өзім ойлап тапқан жаңа технологиямен жасалған. Мақсат – ұлттық қолөнерді одан әрі жаңғырту арқылы ішкі туризмнің дамуына үлес қосу. Олай дейтінім, мұндай бұйымдарды көруге шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Шетелдік туристерге өз елімізде көрсетуге немесе шетелге апаруға да болады. Бұған дейін БАӘ-де өткен фестивальге авторлық бұйымдарым қойылған болатын», - деді көрменің авторы Арлан Аңқауов.

Ағайынды Аңқауовтар (Арлан, Бағлан, Сәрсен және Дәурен) қолөнердің бұл түрімен 8 жыл бойы айналысып келеді.

«Дайын боялған жүнді түтіп, оны картинаға жабыстырып қатырып қоямыз. Біз өз шеберліктерімізде әртүрлі материалдар қолданамыз. Бір жұмысты толық дайындап шығуға бір күннен бастап бір айға дейін уақыт жұмсалады. Сурет салуда мал жүнін қолдану әдісін өзім ойлап тапқындықтан, бұл технологияны бірден патенттеп алдық», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елордадағы Ұлттық музейде ағайынды Аңқауовтардың «География – мәдени даму бағыты» атты көрмесі ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT