+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Ағаштар мен гүлдер қурап қалған: Елорда әкімі бірнеше саябақта болды

2019 жылғы 21 тамыз 11:46
Бөлісіңіз:
Ағаштар мен гүлдер қурап қалған: Елорда әкімі бірнеше саябақта болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақта болып, олардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов елордалықтардың мұң-мұқтажын тыңдады Биыл Нұр-Сұлтанда 24 мың бала бірінші сыныпқа барады Көлгінов жаңбыр суының астында қалатын көшелер проблемасын қалай шешпек


«Мәселен, өткен жылы ғана ашылған «Жетісу« саябағында ағаштар қурап қалған, қураған шөптер жиналмаған, газондар абаттандырылмаған. Сондай-ақ ағаштардың солған бұтақтары кесілмеген. Суару жүйесі аумақта жұмыс істемейді. Кейбір ағаштар судың жетіспеуіне байланысты өте нашар күйде.

Ал «Нұрлы жол« желекжолында кейбір гүлзарларда гүлдер мүлдем жоқ, ағаштар кеуіп жатыр», - деп жазды қала басшысы Instagram-да.

А.Көлгіновтың айтуынша, «Ғашықтар» саябағы да дәл осындай жағдайда. Онымен қоса, сынған плиталар фонтан келбетін бұзып тұр.

Ботаникалық бақта гүлдер отырғызылып, көгалдар төселген. Суару жүйесі де қалпына келтіріліп, субұрқақтардың жұмысы іске қосылған. Мұнда да ағаштар мен бұталардың жай-күйін қалпына келтіру қажет етеді. Әкімшілік ғимараттарының алаңында суарудың дұрыс еместігінен және арзан шымтезек таңдау салдарынан гүлдер солған. Өсімдіктермен бірге арамшөптер өсіп тұр.

Қала әкімі атап өткендей, «Астана-Зеленстрой» АҚ жұмысын қалпына келтіру, өсімдіктерді емдеу және тұрақты негізде ағаштарды, гүлдер мен бұталарды суарумен айналысу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT