Ағашсыз көше: әкімдік жаңа жобаларға қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі көшелерді қайта жасау жоспарында неге отырғызылған ағаштар қарастырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпан айының басында қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы Абай, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің қайта жөндеу жобасын көпшілік талқылауына шығарған болатын.

Талқылауға қатысқан қала тұрғындары көшелердің бойында ағаштардың жоқтығына таңданыс білдірген болатын.

«Жарияланған қайта жөндеу жобалары тек қана ғимараттардың қасбетіне ғана қатысты. Бұл жасыл желек отырғызу тұжырымдамасына қатысы жоқ. Болашақта осы көшелердің дендрожоспары көрсетілетін болады. Сонымен қатар, қазір көшелердегі жасыл-желек сол күйінде сақталады», - деді қала әкімдігінен.

Айта кету керек, таныстырылған жобалар бойынша ақпан айының соңында қоғамдық тыңдау өтпек.

Соңғы жаңалықтар