Ағаш үстіне құлап жарақаттанған студентке оқу орны көмек береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мөлдір Ержанова аялдамада тұрған кезде үстінде ағаш құлап, жарақаттанды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.

«Шұғыл көмек көрсету мәселесі шешілуде. Біздің мамандар жағдайын қарап, өмірлік көрсеткіштеріне мониторинг жасайтын болады. Осыдан кейін ота жасау қажет пе әлде емдеуге бола ма деген мәселе анықталады», - деді №7 қалалық клиникалық аурухананың  №2 нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Елдар Құрманов.

ҚазҰУ баспасөз қызметі жарақат алған студентке жоғары оқу орны тарабынан қажетті барлық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

«ҚазҰЙ басшылығы бұл оқиға жайында біледі. Бұл келеңсіз жайт ҚазҰУ аумағында орын алған жоқ. Дегенмен, жоғары оқу орны тарабынан көмек көрсетіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бостандық аудандық әкімдігі аппараты абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ренат Сейдіраманов құлаған ағаштың сау болғанын айтуда. «Ағаш та, оның бұтағы да жасыл, сау. Сау бұтақ сынып құлаған, себебі түсініксіз. Бұл табиғи құбылыс. Сондықтан біреу кінәлі деп айта алмаймыз. Ал қызға көмек көрсетіле ме, көрсетілмей ме білмеймін» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар