+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Ағаш отырғызу ел бойынша жалғасады - Мағзұм Мырзағалиев

2020 жылғы 19 қыркүйек 14:02
Бөлісіңіз:
Ағаш отырғызу ел бойынша жалғасады - Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа парк аумағына ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынған әкімдік түсіндірді Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі Қазақстанда ауаны ластаушы негізгі факторлар - күкіртсутек, шаң және қара күйе

Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.

«Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады. Негізінен осы жерде, Елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді»,- деді шара аясында Экология, геология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сенбілікке сонымен бірге Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

«Бірге-Таза Қазақстан» акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлардың, эко-белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT