Африканың оңтүстік-шығысында тропикалық дауыл 46 адамның өмірін қиды
2022 жылғы 26 қаңтар 07:11

Африканың оңтүстік-шығысында тропикалық дауыл 46 адамның өмірін қиды

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Мадагаскар, Мозамбик және Малавиде соңғы төрт күнде «Ана» тропикалық дауылы салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

22 қаңтарда Мадагаскарда дауыл соғып, су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 39 адам мерт болды, 65 мың адам баспанасыз қалды. Өткен дүйсенбіде дауыл Мозамбиктің орталық аймақтарына жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл өңірде үш адам қаза тауып, 49 адам жарақат алған. Ал Малавиде дауыл салдарынан болған су тасқыны елдің көп бөлігін жарықсыз қалдырып, төрт адамның өмірін қиып кетті.


Jańalyqtar

MURAǴAT