Африкаға 5,5 млн адам қоныс аударды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5,5 миллион адам қоныс аударған. Бұл туралы БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) Африкадағы миграция және оның экономикалық салдары туралы баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Баяндаманы журналистерге Эфиопия астанасы Аддис-Абебада UNCTAD бас хатшысы Мухис Китуи және БҰҰ Африка жөніндегі экономикалық комиссиясының (UNECA) атқарушы хатшысы Вера Сонгве ұсынды.

Баяндамада 19 миллион адамның Африканың бір елінен басқа еліне, ал 17 миллион адам басқа құрлыққа қоныс аударғаны айтылған.

1990-2010 жылдар аралығында Африкаға қоныс аударушылар саны айтарлықтай өспеген, бірақ 2010 жылдан кейін бұл көрсеткіш екі есеге көтеріліп, 2017 жылы 5,5 миллионға жеткен.

Соңғы жаңалықтар